Қарағанды облысында өртсөндірушілер әйелді құтқарды

Қарағанды облысында өртсөндірушілер әйелді құтқарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ТЖМ-ға сілтеме жасап.

Бүгін облыс орталығының "Восток-3" ықшамауданында көпқабатты тұрғын үйдің пәтерлерінің бірінің ас бөлмесінде қосылып тұрған электр плитаның қараусыз қалғаны себебінен орамал тұтанып, соның салдарынан үйді түтін алып кеткен.

Өртсөндірушілер барлау жұмыстары кезінде ес-түссіз күйде жатқан пәтер иесін тауып, оны қауіпсіз жерге апарып, алғашқы медициналық көмек көрсетіп, жедел жәрдем бригадасына тапсырды.

Сондай-ақ ТЖМ қызметкерлері келгенге дейін үй тұрғындары пәтерден 4 баланы шығарды. Олар зардап шеккен жоқ. 

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз