Қарағанды облысында өртенген үйден 33 адам эвакуацияланды

Қарағанды облысында өртенген үйден 33 адам эвакуацияланды
Фото: ТЖМ

ТЖМ құтқарушылары өртеніп жатқан үйден 33 адамды құтқарып эвакуациялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бүгін 112 орталық пультіне Қарағандыдағы Анжерская көшесінде 9 қабатты тұрғын үйдің бірінші қабатындағы пәтерде өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті.

Тұрғын үйде қатты түтін байқалып, өрттің жоғары қабаттарға таралу қаупі анықталды.

Өртсөндірушілердің жедел және үйлесімді іс-қимылдарының арқасында түтінді аймағынан 8 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылып және 25 адам, оның ішінде 7 бала эвакуацияланды.

Зардап шеккендер жоқ, өрттің себебі анықталып жатыр.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

С. Бөлек
Logotype Massaget