Қарағанды облысында найзағайдан шыққан өрт жедел сөндірілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
2023 жылғы 6 шілдеде сағат 11:25-те Қарқаралы мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында әуеден барлау кезінде 0,001 гектар алаңда орман төсенішінің жанып жатқаны анықталды.
Өрт сағат 12:50-де ұлттық парк пен "Қазәуеорманкүзеті" күштерімен сөндірілді.
Өрттің алдын - ала себебі-найзағай разряды.
Қарағанды облысының ТЖД өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауды ескертті.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!