Қарағанды облысында мотоцикл мен патруль көлігі соқтығысты: жүргізуші көз жұмды

Қарағанды облысында мотоцикл мен патруль көлігі соқтығысты: жүргізуші көз жұмды
Фото: Видео кадры

Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Мотоцикл жүргізушісі патруль көлігіне соғылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 3 тамызда таңғы сағат 07:30 шамасында Алматы – Екатеринбург автожолында, Қарағандыдан Балқаш бағытына қарай бір шақырым жерде болған.

"Жол апаты салдарынан 42 жастағы мотоцикл жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қажет сараптамалар тағайындалды", – деді Қарағанды облысы ПД басшысының орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Оның айтуынша, мотоцикл мен патруль көлігі Алматы бағытында бір бағытта келе жатқан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Қарағанды полициясы (@policeofkaraganda)

Еске салайық, Шавкат Рахмоновтың жұбайы да жол апатына түскен болатын. Бұл оқиға 27 шілдеде сағат 08:50-де республикалық маңыздағы Алматы – Екатеринбург автожолының 299-шақырымында тіркелген. Toyota Land Cruiser 200 көлігінің жүргізушісі – Қарағанды облысы жағынан Алматыға қарай бет алған әйел адам – көлікті басқара алмай, жол жиегіне аударылып кеткен. Апат салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам ауруханаға жеткізілген.

Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз

С. Бөлек
Logotype Massaget