- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағанды облысында мейрамхана...
Қарағанды облысында мейрамхана әкімшісін тексеріспен қорқытқан полиция басшысы жұмыстан қуылды
Қарағанды облысында мейрамхана әкімшісін қорқытып, Жаңа жыл қарсаңында жұмыс істеуге тыйым салған полиция бөлімінің бастығының әрекетіне қатысты тексеріс жүргізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Қарағанды облысының прокуратурасына сілтеме жасап.
Приозерск қаласының прокуроры әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында қалалық Полиция бөлімі бастығының мейрамхана әкімшісіне бақылаушы-қадағалаушы органдардың тексерулерімен қорқытып, Жаңа жыл қарсаңында жұмыс істеуге тыйым салынатыны туралы телефон арқылы сөйлесуінің бейнежазбасын анықтаған.
Тексеру нәтижесінде Қазақстан Республикасы Конституциясының кәсіпкерлік қызметпен айналысу еркіндігіне кепілдік берілетіні туралы 26-бабының талаптарын бұзу фактісі анықталды.
Бұл дерек бойынша Қарағанды облысының прокуратурасы қадағалау актісін енгізді. Нәтижесінде Тәртіптік комиссия Приозерск қаласы Полиция бөлімінің бастығын атқаратын қызметінен босату туралы шешім қабылдады. Қазіргі уақытта тиісті материалдар ҚР ІІМ-ге жолданды.
Сонымен қатар, аталған Полиция бөлімінің 5 лауазымды тұлғасы қатаң тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина