Қарағанды облысында қыз 5 қабатты үйдің төбесінен секірмек болған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
23 қыркүйекте сағат 18:00 шамасында Балқаш қалалық полиция бөлімінің кезекші бөліміне белгісіз бір қыз бала көпқабатты үйдің 5-қабатынан секіргелі тұр деген хабарлама түскен.
"Мен әріптесім Танат Берікұлымен ақпарат алған уақытта өзімізге бекітілген аумақта қызметте болғанбыз. Оқиға орнына келгенімізде ақпараттың рас екеніне көз жетті. 5-қабатта қыз айқайлап отырды. Бізге жедел шешім қабылдап, әрекет жасау керек болды. Танат екеуміз үйдің дәлізі арқылы шатырға көтерілдік. Қыз бала бізді көрген жоқ. Артынан ақырын барып, оны шатырдың жиегінен алып шықтық. Кейін оны оқиға орнына келген жедел-тергеу тобына тапсырдық", - деді Балқаш қалалық полиция бөлімі патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы Ұлан Несіпбаев.
Полицейлер құтқарып қалған қызға дәрігерлер психологиялық көмек көрсетті. Оқиғаның мән-жайын анықтау барысында оның жеке басының мәселесі бойынша осындай әрекетке барғаны анықталды. Полицейлердің жедел әрекеттерінің арқасында қыз аман қалды.
Тағы да оқи отырыңыздар: Адам қанттан бас тартса, не болады?
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!