Қарағанды облысында қоныс аударушыларға бөлінген қаржының мақсатсыз пайдаланылғаны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасап.
Нұра ауданының прокуратурасы жүргізген тексеру барысында ерікті қоныс аудару бағдарламасы бойынша бөлінген қаржының жұмсалуында заңбұзушылықтар анықтады.
Тұрғын үй сатып алуға арналған қаражат басқа мақсаттарға жұмсалған.
Атап айтқанда, 2023 жылы Астанадан Нұра ауданына көшіп келген Көшербай атты тұрғын сатып алған үйіне қоныстанбаған. Оны көшіруге 966 000 теңге және тұрғын үй сатып алуына - 4 000 000 теңге бөлінген.
2023 жылғы қарашада ол 8 300 000 теңгеге пәтер сатып алу-сату шартын бекіткен.
Алайда тексеру барысында аталған үйде бұрынғы иесі мен оның отбасы тұрып жатқаны анықталды.
Прокуратура қабылдаған шаралардың нәтижесінде Көшербай мемлекеттік бюджетке 2 000 000 теңгені қайтарды. Қалған сомаға сотқа талап-арыз берілді.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!