- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағанды облысы
Қарағанды облысында көліктен 13 қап марихуана тәркіленді
Фото:
Полиция департаментінен
Қарағанды облысында көліктен жалпы салмағы 266 келі болатын 13 қап марихуана тәркіленді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жамбыл облысының 38 жастағы тұрғыны тізгіндеген Audi A6 көлігінде өзінің серігі де болған.
"Автокөлікті тексеру барысында артқы орындықтан және жүк салғыштан өсімдік тектес заттан тұратын 13 қапшық табылып, тәркіленді. Сараптама қорытындысына сәйкес, қапшықтағы зат жалпы салмағы 266 келіден асатын кептірілген марихуана болып шықты", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
С. Сатыбалдина