Қарағанды облысында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонының аумағында өрт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ҚР ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Өрт Бұхар Жырау ауданының Дөскей аулынан 4 шақырым қашықтықта тіркелді.
Өрт алдын ала 1000 шаршы метр аланда оқшауланды.
"Зардап шеккендер жоқ. Елдімекендерге қауіп төніп тұрған жоқ", делінген ведомство хабарламасында.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!