• 497.95
  • 490.7
  • 5.49

Қарағанды облысында қатты желден автобус аударылып қалды

Фото: Видео кадры

Қарағанды облысында қатты желден автобус аударылып қалды. Полиция жолаушыларға көмектесті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

21 қаңтарда сағат 08:54 шамасында республикалық маңызы бар Бастау - Ақтау - Теміртау тасжолында, Петровка ауылының маңында Ботақара - Қарағанды бағыты бойынша жүріп бара жатқан №84 автобус аударылып қалды.

Алдын ала мәліметтер бойынша оқиғаға қатты желдің екпіні себеп болған. Оқиға болған сәтте автобустың ішінде 17 жолаушы болған.

"Зардап шеккендер жоқ. Полиция қызметкерлері оқиға орнына жылдам жетіп, жолаушыларға көмек көрсетті. Олар өтіп бара жатқан көліктермен үйлеріне жетті", - деп жазылған хабарламада.

Полиция жүргізушілерге көлікті басқару кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтауды және ауа райын ескеруді еске салды.

Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова