- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағанды облысында жұмысшы...
Қарағанды облысында жұмысшы пойыз астында қалып, мерт болды
Қарағанды облысында жұмысшы пойыз астында қалып, мерт болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.
Жазатайым оқиға 15 қаңтарда "Шұбаркөл Көмір" АҚ ішкі теміржол желісінде болған. Бағыттау бекетінің кезекшісі беймәлім жағдайда пойыз астына түсіп, қаза тапты.
Компанияның баспасөз қызметі өкілдерінің мәліметінше, кәсіпорынның ішкі теміржол желісінде қызметкер қаза тапқан. Жұмыс кезінде бағыттау бекетінің кезекшісі бос вагондардың астына түсіп кеткен.
"Болған оқиғаның себептерін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Тергеу басталды. "Шұбаркөл Көмір" ұжымы мен басшылығы марқұмның туыстарына көңіл айтады және қажетті көмек көрсетеді", - деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі өкілдері.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек