Қарағанды облысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшырады. Tengrinews.kz оқиға орнынан кадрлар жариялады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдай Сарыарқа әуежайынан екі шақырым жерде болған. Ұшақ ашық жерге құлаған, жақын маңда тұрғын үйлер немесе басқа да ғимараттар болмаған.

Ұшақ құлаған аумақ қоршауға алынған.

Суреттер: Tengrinews.kz
Еске салайық, 25 ақпанда Қарағанды облысында жоспарлы оқу-жаттығу барысында Су-30СМ жойғыш ұшағы апатқа ұшыраған болатын. Қорғаныс министрлігі мәліметінше, ұшқыштар дін аман, олардың өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ.
Оқиғаның себептері мен мән-жайын анықтау үшін Қорғаныс министрлігінің арнайы комиссиясы құрылған.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова