- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағанды облысында жолаушылар...
Қарағанды облысында жолаушылар пойызының вагоны рельстен шығып кетті
Фото:
instagram.com/railway_1520
Қарағанды облысында жолаушылар пойызы вагоны рельстен шығып кетті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Желіде вагонның рельстен шығып кеткені туралы ақпарат тарады. Жазба авторының жазуынша, теміржолдағы оқиға Ағадыр мен Айса стансаларының арасында болған.
Бұл оқиғаға қатысты Көліктегі полиция департаменті түсінік берді. Олар пойыздың техникалық вагоны рельстен шығып кеткенін хабарлады.
"Қазіргі уақытта Қарағанды-Сортировочная стансасының желілік полиция бөлімі жол қозғалысы немесе теміржол көлігін пайдалану ережелерін бұзу фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады", - деп хабарлады көлік полициясы.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
М. Лұқпан