Теміртауда жолаушылар автобусы жол апатына ұшырады. Оқиға салдарынан бірнеше жолаушы ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға орнында түсірілген кадрлар әлеуметтік желіде тарады. Автобус жол жиегіне шығып кетіп, кейін бағдаршамның темір бағанына соғылған. Негізгі соққы көліктің алдыңғы бөлігіне тиген.
Полицияның сөзінше, оқиға қарбалас уақытта, яғни сағат 08:40 шамасында Абай, Металлургтер және Республика даңғылдарының қиылысында болған. Алдын ала мәлімет бойынша 45 жастағы жүргізуші тізгінге ие бола алмай қалған.
Қарағанды облыстық Полиция департаменті автобуста 20-ға жуық жолаушы болғанын хабарлады. Төрт адам жарақат алып, ауруханаға жатқызылды. Қазір тексеріс жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!