Қарағанды облысында жол монтерін пойыз басып кеткен

Жаңа-Қарағанды станциясында қайғылы жағдай тіркелді. "ҚТЖ" ҰК" АҚ баспасөз қызметі өкілі оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

3 мамырда сағат 02:03-те жол монтерін пойыз басып кеткен.

"Бұл оқиға Қарағанды-Сұрыптау станциясының желілік полиция бөліміне хабарланды. Оқиғаның мән-жайы мен себеп-салдары тексеріліп жатыр. Оқиға орнына компанияның бас инженері жолға шықты", - деп жазылған хабарламада.

Тексеріс қорытындысы бойынша оқиғаға ресми құқықтық және өндірістік баға берілмек.

Ал Көліктегі полиция департаменті мәліметінше, 3 мамырда абайсызда адам өліміне әкеп соққан оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қазір тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!