Қарағанды облысында жол апатынан алты адам қаза тапты, тағы екі бала ауруханада жатыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
20 маусымда сағат 18:15 шамасында республикалық маңызы бар Алматы-Екатеринбург тас жолында, Қарағанды қаласына 20 шақырым жетпей, "Тайота камри" және "Ниссан" автокөліктері соқтығысты.
Салдарынан алты адам, оның ішінде екі көліктің жүргізушілері алған дене жарақаттарынан оқиға орынында қайтыс болды. Екі кәмелеттік жасқа толмаған бала әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жеткізілді.
Аталған факті полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!