Қарағанды облысында жол апатынан екі адам қаза болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
15 қазан күні Қарағанды-Молодежный тас жолында Қазақстан ауылынан 2 шақырым жерде Hyundai Sonata және Neoplan автобусы жол апатына ұшырады.
"Жол-көлік оқиғасының салдарынан Hyundai Sonata автокөлігінің екі жолаушысы оқиға орынында қаза болды. Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345 бабы 3 тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды", - деді Осакаров аудандық полиция бөлімінің бастығы Азиз Жұмағазиев.
Тиісті сараптамалар тағайындалды. Тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!