Полицейлер Қарағанды облысының Осакаров ауданында биылғы 24 қазаннан бері із-түзсіз жоғалған 47 жастағы ер адамның мәйітін тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Онымен бірге тұратын әйел қазан айында марқұмның із-түзсіз жоғалғаны туралы арызданған. Ол ер адамның үйден шығып, із-түзсіз жоғалып кеткенін айтып, оны табуға көмек сұраған.
Жоғалған азаматтың дерегі тіркеліп, іздеу жұмыстары басталды. Ер адамның тұрған жері мен оның маңайына жүргізілген сараптама нәтиже бермеген.
6 қарашада жедел-іздестіру шаралары барысында полицейлер іздеуде жүрген азаматты соңғы рет көршісі көруі мүмкін екенін анықтады. Үйдің шаруашылық құрылыстарын тексеру кезінде із-түссіз жоғалған ер адамның мәйіті табылды, оның денесінде жарақаттары болған. Оқиға орнынан тергеуге маңызы бар айғақ заттар да алынды.
"ҚР Қылмыстық кодексінің 99-бабы "Адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды", - деді Қарағанды облыстық полиция департаментінің басшысы Санжар Әділов.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!