Қарағанды облысында жеңіл табыс таппақ болған 18 жастағы жігіт сотталып кетті

Қарағанды облысында жеңіл табыс таппақ болған 18 жастағы жігіт сотталып кетті
Фото: depositphotos.com

Қарағанды қаласының соты есірткі қылмысына қатысы бар деген күдікпен 18 жастағы өңір тұрғынына үкім шығарды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Қылмыс жасаған кезде кәмелет жасына толмаған айыпталушы 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айырылған. Ол жазасын орташа қауіпсіздік мекемесінде өтейді.

Күдікті былтыр қыркүйекте ұсталған. Одан жалпы салмағы 8,3 грамм синтетикалық есірткі салынған 23 орама тәркіленген.

Сондай-ақ, полицейлер оның телефонын алып, ондағы мәліметті зерделеген. Тергеу барысында белгісіз "куратормен" арадағы хат алмасулар оның есірткі тарату схемасына қатысы барын көрсеткен.

Сот істің барлық мән-жайы анықталған соң нақты бас бостандығынан айыру жазасын тағайындаған.

Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget