Қарағанды облысында жүк көлігі мен жолаушылар автобусы соғысып, 4 адам қаза болды, - деп хабарлайды Рolisia.kz.
19 қыркүйекте сағат 19:30 шамасында Ақтоғай ауданымен өтетін "Алматы - Екатеринбург" тасжолында, Сарышаған кентінен 30 шақырым жерде МАЗ жүк көлігі мен ПАЗ жолаушылар автобусы соқтығысты.
"Апат салдарынан екі автокөліктің жүргізушісі мен автобустың бір жолаушысы алған дене жарақаттарынан оқиға орнында қаза тапса, автобустың тағы бір жолаушысы жедел жәрдем көлігінде көз жұмды. Жол апаты кезінде автобуста 11 жолаушы болды. Бұл дерек полицияда тіркеліп, тиісті сараптамалар тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - делінген хабарламада.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!