- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Жол апаты
Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апатынан жеті адам қаза тапты
Қарағанды облысында жол апатынан жеті адам қаза тапты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
15 қарашада таңғы сағат 10 шамасында Алматы-Екатеринбург тасжолында, Курминка ауылынан екі шақырым жерде, Toyota Alphard көлігінің жүргізушісі, алдын ала мәлімет бойынша, көктайғақ кезінде рөлге ие бола алмай, жол жиегіне аударылып қалған.
"Жол апаты салдарынан жүргізуші және алты жолаушы, оның ішінде екі бала оқиға орнында қаза тапты. 12 жастағы жолаушы медициналық мекемеге жеткізілді. Бұл факт бойынша қылмыстық іс қозғалды", - деп хабарлады Қарағанды облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қарағанды облысының полиция департаменті жүргізушілерге жолда мұқият болып, жол жүру ережелерін сақтау және жылдамдық режимін бұзбау керегін ескертті.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!
М. Лұқпан