- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағанды облысында жантүршігерлік...
Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апаты: екі автобус соқтығысты
Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апаты болды. Екі автобус соқтығысып, салдарынан бір жүргізуші қаза тапқан, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Қарағанды облысындағы №41 және №146 автобус соқтығысқан. Полиция департаментінің мәліметінше, жүргізушілердің біреуі қаза тапқан.
№41 автобуста жолаушылар болмаған. Ал №146 автобустың жүргізушісі мен 15 жолаушы ауруханаға жеткізілген.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Қажет сараптамалар тағайындалды. Бүгінде оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина