Қарағанды облысында жантүршігерлік жол апаты болып, салдарынан екі адам қаза тапты. Тағы төрт адам ауруханаға жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Оқиға 10 маусымда сағат 9.59-да Алматы - Екатеринбург тасжолындағы 655-ші шақырымда болған. Екі MAN ауыр жүккөлігі соқтығысқан.
"Жол апаты салдарынан 20 жастағы жүргізуші мен 31 жастағы жолаушы оқиға орнында қаза тапты. Екінші көліктің жүргізушісі мен үш жолаушы ауруханаға жеткізілді", - дейді Полиция департаментінің өкілдері.
Бұл іс бойынша қылмыстық іс қозғалған. Қажет сараптамалар тағайындалды.
Желіде жүккөліктерінің бірінде кішкентай балалар отырған деген ақпарат тараған. Полиция департаменті өкілдері бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын айтты.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!