- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағанды облысында жантүршігерлік...
Қарағанды облысында жантүршігерлік жағдай: жүргізуші артқа қарай жүріп, баланы басып кеткен
Қарағанды облысында екі жасар бала УАЗ-ға басылып қайтыс болды. Жүргізуші артқа қарай жүріп, баланы басып кеткен, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Қайғылы оқиға Шет ауданы Ақсу-Аюлы ауылында болды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бала жолға шығып кеткен, жүргізуші оны байқамаған.
"Бала үйдің ауласында ойнап жүріп, жолға жүгірген. Жүргізуші оны байқамаған, өйткені сәби көрінбейтін тұста болған. Қағып кеткеннен кейін жүргізуші жәбірленушіге алғашқы көмек көрсетуге тырысып, оны медициналық мекемеге апарған. Бірақ оны құтқару мүмкін болмады. Бұл - ата-ана үшін де, жүргізуші үшін де үлкен қайғы", - деді ауыл тұрғындары.
Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі бұл деректі растады.
"35 жастағы УАЗ автокөлігінің жүргізушісі артқа қарай жүріп, екі жасар баланы басып кеткен. Оқиға салдарынан алған жарақаттарынан зардап шеккен бала қайтыс болды. Осы дерек бойынша соталды тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданады", - деді Қарағанды облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі өкілі.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова