ҚМА Қарағанды облысы бойынша департаменті 253 миллион теңгеге аса ірі көлемдегі инвестициялық субсидияларды ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Бұл қаражат ауыл шаруашылығы субъектісінің күн батареяларының жиынтықтарын сатып алу шығындарын өтеу үшін төленді.
Тергеу 2018-2020 жылдары күдікті Қарағанды облысының шаруа және фермер қожалықтарының атынан жалған құжаттарға сүйене отырып, жоғары бағамен субсидия алуға өтініш беріп, соның негізінде қаражат төленген.
Сот үкімімен ол кінәлі деп танылып, келтірілген зиянды өтеумен 10 жыл мерзімге кәсіпкерлікпен айналысу құқығынан айыра отырып, 6,5 жылға бас бостандығынан айырылды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз