Қарағанды облысында есірткімен байланысты сайттар анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Облыс прокуратурасы есірткі бизнесімен күреске бағытталған "Нашақорлыққа жол жоқ" жобасын жүзеге асырып жатыр. Ведомствоаралық топ құрылды.
Осы жұмыстың нәтижесінде есірткі заттарын насихаттайтын 7 мыңнан астам жарнамалық сайттар анықталып, бұғатталды. Есірткі заттарын белгілі жерлерде қалдырушылардың көшелердегі жарнамалық жазбалары мен граффитилерін бояу шаралары қолданылды.
Есірткіні жарнамалау үшін 55 қылмыстық іс қозғалды, оның 33-і жоба аясында.
Әлеуметтік желілерде, оның ішінде 98 Telegram-каналдарда мазмұны заңға қайшы және заңсыз әрекеттерге шақыратын 174 сілтеме бұғатталды.
Ауылдық жерлерде жабайы қарасораны анықтау және жою жұмыстары белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Жоба барысында Осакаров, Нұра және Қарқаралы аудандарында 200-ден астам қарасора бұталары жойылды.
Жастарды ақпараттандыру және алдын алу жұмысына тарту мақсатында прокуратура студенттер үшін сот отырыстарының онлайн-трансляциясын ұйымдастырды.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!