Қарағанды облысы Абай ауданының полиция бөлімі қызметкерлері 33 жастағы азаматты ұрлық жасады деген күдікпен ұстады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Тергеу барысында күдікті өзінің танысынан шұғыл қоңырау шалу үшін ұялы телефон сұраған. Алайда алаяқтық ниетпен ол ұялы телефонға орнатылған банктік қосымшаны пайдаланып, жәбірленушінің шотынан өз шотына 160 мың теңге аударғаны анықталды.
30 жастағы жәбірленушіге келтірілген материалдық шығын көлемі - 160 мың теңге. Күдікті өз кінәсін толық мойындап, ұрланған қаражатты растайтын заттай дәлелдемелер тәркіленді.
Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз