Қарағанды облысының полиция департаменті 5 сәуірде әлеуметтік желіге мониторинг жүргізу барысында көшеде ер адамның әйелді аяусыз соққыға жыққан видеосын анықтады. Желіде жарияланған видеода ер адам әйелді шашынан сүйреп, балағаттап, қол көтерген, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Полиция департаменті бұл оқиғаға қатысты бірден тексеру шараларын қолға алғандарын жеткізді.
"Аталған дерек бойынша полиция қызметкерлері ізін суытпай 35 жастағы Ақтас қаласының тұрғынын ұстап, оның 27 жастағы азаматтық некедегі әйеліне дене жарақаттарын келтіргенін анықтады. Сот-медициналық сараптаманың қорытындысына сәйкес, жәбірленушінің жеңіл дене жарақатын алғаны анықталды. Құқық бұзушыға қатысты жинақталған материалдар сотқа жіберіліп, соттың шешімімен ол 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды", - делінген хабарламада.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!