- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағанды облысында ер...
Қарағанды облысында ер адам білегін пышақпен тіліп жіберген
Қарағанды облысында ауыл тұрғыны өз-өзіне пышақ жарақатын салған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ІІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ғабиден Мұстафин атындағы кентте орналасқан полиция бөліміне өз үйінің ауласында ер адам пышақпен жүргені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына бірден учаскелік полиция инспекторлары барды.
"Үйге кіреберісте бізді бір әйел адам күтіп алды. Сол адам полицияға қоңырау шалып, ұлының орынсыз қылықтары туралы хабарлаған. Біз сол үйдің ауласына кіргенімізде ұлы ол жерде болмады. Арызданушы ұлы үйге кіріп кеткенін, ал өзі үйге кіруге қорқып тұрғанын айтты. Біз ер адамды үйдегі бөлмелердің бірінен төсекте жатқан жерінен таптық. Сол кезде оның сол қолындағы пышақ жарақатын көрдік. Сөйтсек, ол өз-өзіне қол жұмсап, ас пышағымен сол жақ қолының тамырын кесіп жіберген екен. Сондықтан да қанды тоқтату мақсатында жгутпен қысып тастадық. Жедел жәрдем қызметкерлері келген соң оны дәрігерлерге табыстадық", - деді учаскелік полиция инспекторы Тілектес Маханов.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
Ж. Қадыржанова