Қарағанды облысында екі бірдей елдімекенді су басып, ауылға қатынайтын жолдарды шайып кетті. Еріген су дала мен беткейлерден Ақтоғай ауданына қарасты Абай ауылына ағылған, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Судың деңгейі 20-30 сантиметрге дейін көтеріліп, үй іргесіне жеткен. Осы жағдайға қатысты 44 адам мен 9 техника жұмылдырылған.
Одан бөлек Шет ауданы Ағадыр кентінде де осыған ұқсас жағдай тіркелді. Әкімдік өкілдері жағдай қазір тұрақталғанын мәлімдеді.
Осы ауданға қарасты республикалық маңызы бар Екатеринбург-Алматы тасжолын да су шайып өткен. Патрульдік полиция түні бойы кезекшілік жұмыстарын ұйымдастырған.
"Ақсу-Аюлы кентінің маңында жолды су шайған. Ұзындығы 100 метр, судың тереңдігі 40 сантиметр. Жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр", - деді Қарағанды облысы ПД патрульдік полиция батальонының командирі Бекзат Сәуленбаев.
Жандос Бақытұлы
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз