Қарағанды облысында екі мотоцикл жол апатына ұшырады: жүргізушілері қаза тапты

Қарағанды облысында екі мотоцикл жол апатына ұшырады: жүргізушілері қаза тапты
Фото: Видео кадры

Қарағанды облысында екі мотоцикл жол апатына ұшырады, салдарынан екі жүргізуші де қаза тапты. Олардың бірі - 17 жастағы жігіт. Тағы бір оқушы зардап шекті, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Полицияның мәліметінше, 16 сәуірде сағат 21:00 шамасында Шет ауданы Ақадыр кентінде бір бағытта бара жатқан екі мотоцикл жол апатына ұшыраған.

Салдарынан оқиға орнында мотоциклдің 37 және 17 жастағы жүргізушілері қаза тапқан, тағы бір адам, яғни мектеп оқушысы түрлі жарақатпен медициналық мекемеге жеткізілген.

Полиция бұл дерек бойынша қылмыстық іс қозғалғанын, тергеу жүргізіліп жатқанын хабарлады.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!

Ж. Қадыржанова
Logotype Massaget