Қарағанды облысының фермерлері Ауыл шаруашылығы басқармасын жекелеген фирмалардың ғана мүддесін қолдайтынын айтып айыптап отыр. Дау егіс және егін жинау жұмыстарына арзандатылған дизель отынын жеткізу мәселесі туралы болып отыр, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Жанармай құю бекеттерінде дизель отыны литрі 230 теңгеден 400 теңгеге дейін тұрса, ал фермерлерге егіс пен егін жинауға отын арзанырақ бөлінеді. Бұл - мемлекеттен қолдау шараларының бірі. Қарағанды облысы бойынша аудандарға осы отынды жеткізу бойынша оператор болуға үш өнім беруші тілек білдірген. Біреуі ең төменгі баға - 207 теңге ұсынған, бірақ шаруалардың қатысуы арқылы комиссия екіншісін таңдаған. Ол 212 теңге ұсынған.
"Иә, 207 теңге арзан көрінгенімен, шаруалар отынды облыс орталығынан алып кетуі керек. Қаншама тонна алатындар үшін жол шығыны қосылады. Барлығы Қарағандыға жиналса, ұзын сонар кезек қалыптасады. Ал біз таңдаған оператор Осакаровка ауданында отынды сақтап, сол жерден тарата алады", - дейді ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер гильдиясының төрағасы Ерлан Оспанов.
Ерлан Оспановтың айтуынша, таңдалған оператор бұрын да жақсы жұмысымен көзге түсіп келген. Оның шалғай аудандарда көптеген базасы бар, сонымен қатар, фермерлерге сатып алынған отынды тегін сақтауға рұқсат береді. Басқа жеткізушілерде барлығы ақылы.
Ауыл шаруашылығы басқармасының басшылығы оператордан ақпанда бағаны 206 теңгеге дейін төмендетуді сұраған. Олар келіскенімен, шығынға ұшыраған. Алайда жақында облыстың Ауыл шаруашылығы басқармасы мұнай өңдеу зауытына оператор ауысуына байланысты отын жөнелтуді тоқтата тұруды сұрап, хат жібергенін білген. Басқарма МӨЗ-ге дизель отынын жөнелтуді қайта бастау туралы тағы бір хат жібергеніне сендірген.
Қарағандыдан арзандатылған отынды алуға ыңғайлы жекелеген шаруалардан да шағымдар түскен және олар оны ең төменгі бағамен сатып алғысы келеді. Қазір Ауыл шаруашылығы министрлігі операторды таңдаудың нормативтік ережелерін әзірлеуді күтіп отыр.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!