- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағанды облысында дәрігерлердің...
Қарағанды облысында дәрігерлердің үстемеақысын алып қойған аурухана директоры сотталды
Қарағанды облысы Бұқар жырау ауданы орталық ауруханасының директоры алаяқтық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 3,5 жылға бас бостандығынан айырылды. Сотта оның қоластындағылардан ковид кезіндегі үстемеақының бір бөлігін алдап алғаны анықталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Дәрігерге қатысты қылмыстық іс Бұқар жырау аудандық сотында қаралған.
"Аурухана директоры алаяқтық жасады деп айыпталды. Ол аурухана қызметкерлерінен алаяқтық жолмен ковид кезіндегі үстемеақысын алып қойған. Басшы 2,2 миллион теңге жинады", - деді Қарағанды облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің баспасөз қызметі өкілі.
Сот үкімімен аудандық аурухана директорына мемлекеттік қызметте қызмет ету құқығынан өмір бойына айыру және 3,5 жылға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалған.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Ж. Қадыржанова