- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағанды облысында бір...
Қарағанды облысында бір күнде 17 табиғи өрт тіркелді: Халық Қостанайдағы жағдай қайталана ма деп қорқады
Қарағанды облысында 17 табиғи өрт тіркелді. Оның ішінде 10 учаскедегі жалын әзірге толық сөндірілген жоқ. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі мәлімдеді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Өртсөндірушілер жағдайдың бақылауда екенін айтады. Алайда жергілікті тұрғындар Қостанай облысындағы қайғылы оқиға қайталан ма деп қауіптеніп, дабыл қағып жатыр.
Әлеуметтік желіге ауыл тұрғындары Шет ауданы, Қызылтау ауылынан 15 шақырым жерде тұтанған өрттің суреттері мен видеоларын жариялап жатыр. Олар даладағы өрт кеше басталғанын, ауылға жақындап қалғанын айтады.
"Өрт жақындап келеді, бірнеше жүз гектар дала өртеніп үлгерді. Өрт тұрғын үйлерге таралса, өртсөндірушілер оны ауыздықтай алмай ма деп қорқамыз. Қостанай облысындағы оқиға қайталанып жатыр", - деп шағымданады ауыл тұрғындары.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қарағанды облысының Төтенше жағдайлар департаменті табиғи өрт туралы ақпаратты растады. Департамент өрттің 5 қыркүйекте басталғанын айтты.
"Өртті жоюға Төтенше жағдайлар департаментінің 7 қызметкері, 2 бірлік техника, сондай-ақ ерікті өрт сөндіру бөлімшелерінен 40 адам, қосымша 17 бірлік техника жұмылдырылды. Жағдай бақылауда", - деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!
Г. Досымшалова