Қарағанды облысныдағы республикалық және жергілікті маңызы бар автожолдарда мал ұрлығына қарсы 17 мобильді блокбекет қойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі ekaragandy.kz сайтына сілтеме жасап.
Блокбекеттердің құрамына криминалдық және патрульдік полиция қызметкерлері, сондай-ақ учаскелік полиция инспекторлары кірді. Блокбекет қоюдың мақсаты дәстүрлі ет жинау кезеңіне жақындаған сайын белсенділігі артып келе жатқан мал ұрлығының алдын алу және жолын кесу болған.
"Мал бағып отырған жеке шаруа қожалықтары зардап шегіп жатыр. Мысал келтіре кетейін. Жедел-іздестіру шаралары кезінде төрт күдікті ұсталған болатын. Олардың алты мал ұрлығына қатысы бары анықталды. Негізгі фигурант уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тергеу амалдары жүріп жатыр", - дейді Қарағанды облысы ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Аслан Өскембаев.
Оның сөзінше, жыл басынан бері 25 мал ұрлығы дерегі тіркелген. Мал ұрлығымен тұрақты түрде айналысып жүрген екі топ ұсталған.
Тағы да оқи отырыңыздар: Онкологияның қай түрін толық емдеуге болады?
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!