Қарағанды облысында полицейлер балықты заңсыз аулаған браконьерді ұстады, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Табиғатты қорғау полициясының қызметкерлері Қарағанды облысы Ақтоғай аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлерімен және "Охотзоопром" РМК инспекторларымен бірлесіп Балқаш көлінің жағалау жиегінде тікелей рейдтік іс-шаралар өткізді. Олар сағат 20:30 шамасында Алматы-Балқаш тасжолында келе жатқан ауыр жүк тиелген жеңіл автокөлікті байқады.
Полицейлер Балқаш қаласының 36 жастағы тұрғыны басқарған көлікті тоқтатты.
Тексеру барысында автокөліктің салонынан жалпы салмағы 280 келі болатын аскөк, жаңа ауланған көксерке балықтары табылып, тәркіленді. Келтірілген шығын көлемі 2 миллион теңгені құрады. Балық ресурстарын заңсыз өндіру фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тергеу жүргізіліп жатыр.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!