Қарағанды облысында кәмелетке толмаған баланы сату дерегі бойынша соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық прокуратураға сілтеме жасап.
Мектеп жасындағы бала "Отбасының цифрлық картасында" мектепке бармайтын оқушы ретінде тіркелгені анықталды.
Прокуратура мәліметінше, құжаттар бойынша бала 2011 жылы Қарағанды қаласының облыстық перинаталдық орталығында жаңа туған нәресте кезінде қалып, кейін Осакаров ауданындағы "Пионерский" балалар үйіне тапсырылған.
Прокуратура бұл жалған ақпарат екенін, баланың шын мәнінде жоғалып кеткенін және қазір қайда екені белгісіз екенін анықтады.
Осакаров ауданы прокурорының нұсқауы бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 135-бабы - кәмелетке толмағандарды саудалау дерегі бойынша соталды тергеп-тексеру басталды.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз