- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағанды облысында әйелдер...
Қарағанды облысында әйелдер 8 наурыз мерекесіне орай біржолғы төлем алады
Қарағанды облысында 21 мыңнан астам әйел 8 наурыз мерекесіне орай біржолғы төлем алады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Қазақстан" телеарнасына сілтеме жасап.
Қаржылай қолдау әр аймақтың бюджеттік мүмкіндігіне байланысты әртүрлі болады. Төлемдер көпбалалы аналарға, "Алтын алқа" және "Күміс алқа" иегерлеріне, зейнеткерлерге, құрметті азаматтарға, тыл еңбеккерлеріне, ІІ Дүниежүзілік соғыс қатысушыларына теңестірілген адамдарға, мүмкіндігі шектеулі жандарға, белсенді емес жалғыз тұратын әйелдерге беріледі.
Кей аудандарда мерекелік түскі ас, азық-түлік жиынтықтарын тарату жоспарланып отыр. Белгілі бір аудандардағы қайырымдылық ұйымдары жеке секторда тұратын аз қамтылған отбасыларға барады. Оларға отын, шөп, көмір жеткізіледі.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Бөлек