13 желтоқсанда таңертең Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы тасжолда жол-көлік оқиғасына түскен автобустан 48 жолаушы шұғыл эвакуацияланды. Жолаушылар Балқаш қаласына жеткізілді, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, Балқаштан Алматыға бағыт алған автобус жүк көлігімен соқтығысқаннан кейін істен шыққан. Автобус жүргізушісі бірден көмекке жүгінген.
ТЖД қызметкерлері оқиға орнына жедел жетіп, техникалық ақауы бар автобустан 48 жолаушыны қауіпсіз жерге көшірді.
Эвакуацияланған адамдардың барлығы Балқаш қаласының автовокзалына жеткізілді. Төтенше жағдайлар министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады.
"Жол дұрыс көрінбеген кезде жылдамдықты міндетті түрде төмендету қажет", – деді ведомство өкілдері.
Қазір апаттың барлық мән-жайы анықталып жатыр.
Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!