- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағанды облысында ауруханадан...
Қарағанды облысында ауруханадан өрт шықты
Қарағанды облысында ауруханадан өрт шықты, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Шахтинск қаласының Орталық ауруханасында үшінші қабаттағы кабинетте ұйымдастыру техникасы өртенген.
Аурухана қызметкерлері өрт сөндіру бөлімшелері келгенге дейін жану орнынан шығып кетті.
ТЖМ күштерімен жану толығымен жойылды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталып жатыр.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина