Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығынан 22 жол апаты болды, – деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ауа райының күрт өзгеруі және жүргізушілердің жол жүру ережесін сақтамау салдарынан өткен тәулікте Қарағанды облысында 22 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Салдарынан бір жол-көлік оқиғасында жаяу жүргінші қайтыс болса, екі адам әртүрлі дене жарақаттарын алды.
Мысалы, сағат 19.00 шамасында Липецкая көшесінде 53 жастағы қоғамдық көлік жүргізушісі жолдың тайғақтығынан 56 жастағы жаяу жүргіншіні қағып кетті.
Жәбірленуші азамат ауруханаға жеткізіліп, алған дене жарақаттарынан сол жерде қайтыс болды. Шахтинск және Теміртау қалаларында болған жол-көлік оқиғаларынан екі адам ауруханаға жеткізілді.
Тәулік ішінде тіркелген қалған 19 жол-көлік оқиғасында зардап шеккендер жоқ.
Қарағанды облысының Полиция департаменті көлік жүргізушілер мен жаяу жүргіншілерден жолдың тайғақ кезінде жол жүру ережелерін қатаң сақтауды сұрайды.
Жолда абай болып, өзіңіздің және өзгелердің өмірін өмірлеріңізді сақтаңыздар.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!