Қарағанды облысында ауа райына байланысты республикалық маңызы бар жол жабылды

Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар жол жабылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Бұл туралы "ҚазАвтоЖол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі мәлімдеді.

"2024 жылғы 11 қарашада сағат 18:30-да Қарағанды облысында ауа райының бұзылуына байланысты республикалық маңызы бар Екатеринбург-Алматы автожолының 1505-1610 шақырым аралығында (Новостройка ауылынан Ақсу-Аюлы ауылына дейін) жүк және жолаушы көліктерінің қозғалысына шектеу қойылады", - делінген хабарламада.

Instagram парақшамызға жазылып, ең қызықты ақпараттарды бірінші болып оқыңыз!