Қарағанды облысында әскери қызметші есірткі партиясымен ұсталғаны расталды

Құрлық әскерлерінің баспасөз қызметі Қарағанды облысында әскери қызметші есірткінің ірі партиясымен ұсталғанын растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Баспасөз қызметі ақпаратына сәйкес, 10 қарашада ҰҚК Жетісу облысы бойынша департаменті Сарыөзек гарнизоны әскери бөлімдерінің бірінің демалыста жүрген әскери қызметшісін есірткі затын тасымалдау кезінде ұстады.

"Дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды, жедел-тергеу іс-шаралары жүргізіліп жатыр. Құрлық әскерлері бұл оқиғаны жан-жақты және объектив тергеу мақсатында құқық қорғау органдарына толық көмек көрсетіп жатыр", - деді баспасөз қызметі.

Бұған дейін әскери бөлімдердің командирінің бірі көлігінде он екі келі күдікті ұнтақпен ұсталғаны туралы хабарланған болатын.

Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!