Қарағанды облысында 36 әскери қызметкер ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.
"Ішек инфекциясы" диагнозымен 36 сарбаз жеткізілді. Қазіргі уақытта жағдай орташа ауыр деп бағаланып отыр", - деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде Теміртауда орналасқан 5516 бөлімнің әскери қызметкерлері жаппай ауруханаға жатқызылғаны туралы жазба пайда болды.
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Желіде тараған ақпараттың ведомствоның әскери қызметкерлеріне қатысы жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз