- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағанды облысында әскери...
Қарағанды облысында әскери қызметкерлер жаппай ауруханаға түсті
Фото:
Tengrinews.kz
Қарағанды облысында 36 әскери қызметкер ауруханаға жатқызылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Ақпаратты облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады.
"Ішек инфекциясы" диагнозымен 36 сарбаз жеткізілді. Қазіргі уақытта жағдай орташа ауыр деп бағаланып отыр", - деп хабарлады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, әлеуметтік желіде Теміртауда орналасқан 5516 бөлімнің әскери қызметкерлері жаппай ауруханаға жатқызылғаны туралы жазба пайда болды.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Желіде тараған ақпараттың ведомствоның әскери қызметкерлеріне қатысы жоқ.
Аптаның басты оқиғалары мен пайдалы видеоларды көру үшін YouTube арнамызға жазылыңыз
М. Лұқпан