Қазақстанның Ұлттық ұланы Қарағанды облысындағы 5516 бөлім әскери қызметкерлерінің жаппай ауырып қалғанын растады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Баспасөз қызметінің ақпаратына қарағанда, 18 тамызда Теміртаудағы жұқпалы аурулар ауруханасына 36 әскери қызметкер жатқызылды, оның ішінде 31-іне "Жіті ішек инфекциясы" және бесеуі "Жіті респираторлық вирустық инфекция" диагнозы қойылған.
Эпидемияға қарсы қажетті шаралар қабылданды.
"Бүгінгі таңда науқастардың жағдайы қанағаттанарлық", - деп хабарлады баспасөз қызметі.
Сонымен бірге жаңа деректер анықталмағаны айтылды.
Аталған факті бойынша қызметтік тергеу жүргізіліп жатыр.
Еске салайық, мұның алдында Қарағанды облысында 36 әскери қызметкер ауруханаға жатқызылғанын хабарлаған едік.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!