- Негізгі бет
- Басты жаңалықтар
- Қарағанды облысында алимент...
Қарағанды облысында алимент қарызы бар адам жауапқа тартылды
Қарағанды облысында алимент қарызы бар адам жауапқа тартылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.
Осакаров ауданының прокуратурасы өткізген тексеру нәтижесінде кәмелетке толмаған балаға төрт жыл бойы алимент төлеуден жалтарған адамды анықтады. Нәтижесінде үш миллион теңгеден астам қарыз жиналған.
Прокуратураның қадағалау актісі бойынша полиция Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 139-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады. Сот барысында сотталушы өз кінәсін толық мойындады.
Кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соттың үкімімен борышкер, пробациялық бақылау белгілеп және мәжбүрлі еңбекке тарта отырып, бас бостандығын шектеу жазасына сотталды.
Қалған борышкерлермен жұмыс жалғасуда. Қарағанды облысының прокуратурасы борышкерлерді алимент төлеу бойынша міндеттерді орындамағаны үшін әкімшілік (ӘҚБтК-нің 669-бабы) және қылмыстық (Қылмыстық кодекстің 139-бабы) жауапкершілік туралы ескертеді
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!
С. Сатыбалдина