Қарағанды облысында адамдарға шапқан қасқырдың көзі жойылды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
21 желтоқсанда қасқырдың үш адамға шабуыл жасағаны белгілі болды, зардап шеккендер ауруханаға жеткізілді. Полицейлер ветеринария қызметкерлерімен бірге жабайы жануарды іздестіру және көзін жою жұмысын бастады.
"Полицейлер Қарағанды облысы Қарқаралы қаласының тұрғындарын тістеп, жарақаттаған жабайы жануарды анықтап, көзін жойды", - деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысы Қарқаралы қаласында таңғы алты шамасында үш адамға қасқыр шапқанын жазған едік. Ауруханаға үш адам жүгінген. Тұрғындарға қажет ем-шара жасалып, амбулаторлық емделуге жіберілген.
Жаңалықтарды бәрінен бұрын біліп отырғыңыз келсе, Telegram-арнамызға жазылыңыз!