Қарағанды облысы Қарқаралы ауылында жұртты әбігерге салған қасқыр "асыранды" болып шықты. Сараптама қорытындысы онда құтырма жоғын көрсетіп, мойнында қарғыбауға тән белгілер болғанын анықтады, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі "Вечерний Караганда" басылымына сілтеме жасап.
Сондықтан жыртқыш қаңғыбас иттермен жүрген, бірақ оның қайдан қашып кеткені анықталмады.
Еске салайық, Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі Қарқаралыда медициналық мекемеге жыртқыш тістеп, әртүрлі дәрежеде жарақат алған үш адам келгенін растады.
"Бір әйелді бірнеше жерінен тістеп алған, екіншісінің жарақаты терең. Үшіншісінде сызаттар бар. Жағдайлары бірқалыпты, оларға барлық қажетті медициналық көмек көрсетілді. Барлық жарасы емделді, құтыруға қарсы екпе алды және амбулаторлық емделуге шығарылды", - делінген басқарманың баспасөз қызметі хабарламасында.
Қасқырды әйелден арашалаған полицей жыртқышты көлікпен қуамын деп, жол жетіне шығып кеткен.
Өзекті жаңалықтарды өз уақытында оқу үшін Facebook парақшамызға жазылыңыз!