Қарағанды облысында 7 автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды, - деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
2 қаңтар күні сағат 13:20 шамасында "Алматы-Екатеринбург" тас жолының 1353-1425 шақырымында 7 автокөлік жол апатына ұшырады.
Зардап шеккендер жоқ.
"Аталған автокөліктер Астанадан Қарағанды облысына қарай жолды жаппай тұрып өтіп кеткен. Ошағанды кентінің маңында жолдың көрінбеу салдарынан алда келе жатқан көліктер бір-бірімен соқтығысқан", - деп хабарлады Қарағанды облысы Полиция департаменті Патрульдік полиция батальонының командирі Бекзат Сәулембаев.
Полиция департаменті көлік жүргізушілерден алыс жолға шықпауын сұрайды.
Қызықты жаңалықтар мен видеоларды көру үшін TikTok арнамызға жазылыңыз!